Басты бет / Қоғам /
77161c01bdca8b2b61b8dc06c2e241c0 Сауда дүкенінен алтын жымқырған күдікті әйел ұсталды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті

Сауда дүкенінен алтын жымқырған күдікті әйел ұсталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына базарда алтын сатумен айналысатын жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, бір дана алтын кулонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Содан тұрғын бірден учаскелік полицейге хабарласып, көмек сұрайды. Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Бөтеннің мүлкін жымқырып, заңсыз әрекет жасаған адамды ұстау бағытында жан-жақты іздестіру шаралары жүргізілді. Куәлардан сұрастырылып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Полиция қызметкерлерінің жедел түрде әрекет етуінің нәтижесінде күдікті әйел анықталып, ұсталды. Ол шымкенттік тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, ол сауда орнына алтын алушы ретінде келіп, сатушының байқамай тұрғанын пайдаланған. Осы ретте алтын бұйымдарды жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдіктінің дәл осындай ұрлық қылмысына қатысты 3 жайты бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 400.000 теңгеге жуық.
Күдіктінің үйінен айғақты зат ретінде ұрланған алтындар табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok