Анасынан адасып жоғалып кеткен 4 жасар бала отбасымен қауышты

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Ол 4 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша базарға барған сәтте ұлы белгісіз бағытқа қарай шығып кеткен. Хабарламаны алғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы Б.Нуртазаев жоғалған баланы іздеуге бірден кіріскен.

Полиция қызметкері базар айналасын, жан – жақты түгел шолып шығып, жасөспірім баланың жүруі мүмкін деген жерлердің барлығын мұқият тексереді. Арада жарты сағат уақыттан кейін Елмуратов көшесінің бойынан жылап, қараусыз жүргенін байқайды. Баланы дереу автокөлігіне отырғызып, аудандық полиция бөліміне алып келеді. Нәтижесінде оның сол жоғалған бала екені анықталып, ата анасына аман-есен табысталды. Өз кезегінде шардаралық сақшы жеделдігіне риза болған анасы алғысын жеткізді.

«Полиция қызметкерлеріне рақмет! Небары 30 минуттың ішінде жоғалған баламды тауып берді. Істеріңіз алға баса берсін!» — деп шынайы алғысын білдірді.

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері ата – аналарды балаларына сақ болуға шақырады. Сонымен қатар баланың тілі шыға салысымен аты – жөнін жаттатып, тұрғылықты мекен жайын үйретуге кеңес береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да