Қолайсыз ауа райына байланысты Астана мен Щучинск арасындағы көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
3 желтоқсанда сағат 10.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, көктайғақ), «Астана–Петропавл» республикалық тасжолының 18-234 шақырымы, «қала» учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Астана–Щучинск» қоғамдық және жүк көліктеріне арналған, — делінген хабарламада.
