Министр «Тальго» пойыздарының асханасы неге қымбат екенін түсіндірді

Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысынан кейін өткен брифиңде «Тальго» пойыздарының асханасы неге қымбат екенін түсіндірді.

«Тальго» пойыздарындағы асхана қымбат. 4-5 мың теңгеге ғана тамақтануға болады. Неліктен солай? Оны түсірудің мүмкіндіктері бар ма?, – деп сұрады журналист.

Министрдің айтуынша, мемлекет бұл бағаны реттемейді.

Енді ол жеке нарықтағы мәселе. Оның нарығы жалпы қадағалауға жатпайды. Оның үстіне тағы да қарау керек. Жолаушыларды тасымалдауға қатысатын 30-дан астам оператор бар. Демек, тек «Қазақстан темір жолына» ғана байланысты емес, қызмет атқарып жатқан жеке кәсіпкерлер де бар. Солардың өзінің іс-шарасы. Оның бағасы ешқашан бақылауға жатқан емес. Оның бағасын бақылап жүрген жоқпыз, — деді Марат Қарабаев.