Қызылшамен ауырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Қызылша ауруына шалдыққан 30 бала жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Қазіргі кезде республика бойынша қызылша ауруына шалдыққан 2 375 бала ауруханада емделіп жатыр. Төсек-орындар 60%-ке толған. Резервте тағы 1 093 орын бар.

Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ, — деді Ажар Ғиният үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, төрт өңірде — Жамбыл облысы (92%), Алматы қаласы (88,2%), Түркістан облысы (81,7%) мен Шымкент қаласында (79,2%) ауруханадағы бос төсек-орындар аз.