Ер адамның денесі ауылдан 700 метр жерде араусыз қалған саяжайдан табылған. Оны Шахан тұрғындары кездейсоқ көріп қалған. Ер адам бұзылған үйдің шұңқырында жатқан.
«Оған ешкім зорлық көрсетпеген. Ер адам кейін үсіп қалған болуы мүмкін…Оның әйелі күйеуін таныды. Сараптама тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр», — деді Шахан ІІБ басшысы Думан Кожахметов.
Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.