«Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбеков өмірден озды

«Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті.

Ақжол Мейірбеков 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. 1978 жылы «Дос-Мұқасан» ансамбліне қабылданып, танымал болды.  Ал 2001 жылы «Ақжол» ән-театрын құрды.

Одан соң ол 2010 жылы қайтадан «Дос-Мұқасан» тобына оралып, өмірінің соңына дейін ансамблдің әншісі болды. Әнші — құрмет орденінің, ерен еңбегі үшін медалінің иегері. Ол 73 жаста қайтыс болды.