Басты бет / Жаңалықтар /
6440e526be8cde33c41323c1b9c184db Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді

Полицейлер нашақорлықтың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді

Нашақорлық мәселесіне назар аудару, жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқу орындарының білімгерлеріне түсіндіру жұмыстары мен кездесулерді үнемі өткізіп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, есірткі, оның ішінде синтетикалық есірткіні тарату, болашақ ұрпақтың әл – ауқатына үлкен қауіп төндіреді. Ал есірткісіз қоғам құру-Қазақстанның әрбір азаматының алдында тұрған міндет.

Осы бағытта полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен басқа тиісті мекеме өкілдерімен бірлесіп, Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Мұнда жастарға есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына зияны туралы айтылды.

Сондай-ақ есірткі құралдарын, оның ішінде «синтетикалық» заттарды заңсыз сақтау мен өткізуге байланысты қылмыстардың құқықтық салдары туралы жеткізілді. Шара барысында жиналғандар есірткіні қолдануға теріс көзқарастарын білдіріп, нашақорлық-қорқынышты індет деген пікірлерін білдірді. Жастарға нашақорлықтың зияны туралы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында полицейлер мен мамандар жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, ал студенттер танымдық іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Полицейлер мұндай іс-шараларды өткізу арқылы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға бағыттайтынын жеткізді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok