Түркістан қаласының полиция басқармасы cтудент жастармен кездесті

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы тұста жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан қаласының полиция басқармасы мен Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ университетінің қолдауымен аталған оқу орнының студенттерімен кездесу болып өтті.

Кездесуде жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенімділік деңгейін арттыру бағытында еркін форматта әңгіме дүкен құрылды.
Унверситет ректоры Жанар Амангелдіқызы «Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, тәртіп сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды. – деп жастарға өзінің пікірін ашық айтты.
Кездесу барысында жастардың өмірлік мүмкіндіктерін көтеруге, қорғансыздық сезімін төмендетуге, олардың өзіндік іс-әрекетін жүзеге асыруы мен өмірлік әрекетіне керек талаптарды құруға бағдарланған жалпы профилактикалық шараларды іске асыру қажеттілігі талқыланды.

Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын – ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ, – деді қалалық полиция бастығы Бауыржан Жанаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да