Мектепке дейінгі білім беру саласында қызмет көрсету көлемі 21%-ке өсті

Қазақстанда 2023 жылдың екінші тоқсанында мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің көлемі бір жылда 20,9%-ке өсіп, 206,8 миллиард теңгеге жетті. 

Бұл туралы Finprom хабарлады.

Оның ішінде шағын кәсіпорындар – 191,1 миллиард теңгеге, орта кәсіпорындар – 14,1 млрд теңгеге, ірі кәсіпорындар – 1,6 миллиард теңгеге қызмет көрсетті.

Меншік түрлері бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметтердің басым бөлігін мемлекеттік кәсіпорындар көрсетті: 126,3 миллиард теңге. Жекеменшік компаниялар 80 миллиард теңгеге, шетелдіктер 539,7 миллион теңгеге қызмет көрсетті. Былтырғы сәйкес кезеңде елімізде бұл салада 171,1 миллиард теңгеге қызмет көрсетілген, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға артық, — делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді: бір жыл бұрынғыдан 24 миллиард теңгеге немесе 4,6%-ке артық.

Үздік үштікке сонымен қатар Алматы (19,7 миллиард теңге, бір жылда 27,9% өсім) және Жамбыл облысы (17,4 миллиард теңге,бір жылда 19,4% өсім) кірді.

Ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілді: 2,6 миллиард теңгеге, бір жыл ішіндегі өсім – 29,1%. Саладағы қызмет көрсету көлемінің ең көп өсімі Алматы облысында байқалды: бірден 38,9%-ке, 17 миллиард теңгеге дейін. Биыл қазан айында балаларды дамыту орталықтарында қызмет көрсету құны бір жылда 5%-ке өсті. Өңірлер бойынша бағаның өсуін Түркістан облысының тұрғындары қатты сезінді: бір жылда 41,5%-ке. Үздік үштікке Маңғыстау (26,6%-ке) және Ақтөбе (22,4%-ке) облыстары да кірді, — делінген хабарламада. 

Балаларды дамыту орталықтары қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Атырау облысында тіркелді: 3,1%. Тағы екі облыста – Алматы мен Ұлытау облысында баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды. Алматы облысында қызметтер 0,5%-ке арзандады.