Басты бетЖаңалықтарАлматыда Орталық...

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтеді

24-26 қараша аралығында Алматыда «Creative Central Asia – 2023» Орталық Азияның креативті индустрияларының жыл сайынғы форумы өтеді.

ССА-2023 диалог алаңы Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Оңтүстік Кореядан келетін 100–ден астам сарапшы-спикері мен сала өкілдерін біріктіреді. Форумға қатысатындар Орталық Азия өңіріндегі креатив индустрияларды дамытудың негізгі үрдістері мен перспективалық жолын талқылайды.

Талқылаудың негізгі бағыттары кино, музыка, білім беру, fashion-индустрия және IT-сектор салалары болмақ. Форум аясында келесі тақырыптар бойынша бірқатар панельдік сессия өтеді: «Креативті индустриялар жастарға арналған әлеуметтік лифт ретінде», «Жайлы қалалық орта және креативті ландшафтты дамыту», «Әйелдер креативті кәсіпкерлігі», «Қазіргі әлемдегі аудиконтент» және тағы басқа.

Форум күндері көптеген тақырыптық дәрістер, шеберлік сыныптары, public talk, қолданбалы өнер жәрмеңкесі өтеді. Lumiere hall мультимедия мұражайының танымал Алматы кураторларының қолдауымен және қатысуымен қазақстандық және халықаралық цифрлық суретшілердің инновациялық және эксперименттік жұмыстарын таныстыратын көрме-инсталляция өтеді. Көрмеде AI-ART, Digital Fashion, Media Art бағыттарындағы авторлардың жұмыстары ұсынылады.

Іс-шарада БҰҰДБ-ның жастар және креативті индустриялардың шағын орта бизнес өкілдерімен сараптамалық талқылауы өтеді.  Форумның маңызды оқиғасы қазақстандық дизайнердің fashion musical «Luna Sezim» болады.

ССА-2023 форумының негізгі мақсаты — креативті индустриялардың инфрақұрылымын дамыту, креативті кәсіпкерлік идеяларын насихаттау, халықаралық инвестицияларды тарту. Форум Алматы қаласының брендін ілгерілетуге, шығармашылық мамандарды қолдауға және инновациялық және шығармашылық секторларда жаңа өнімдер жасау үшін бейінаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуге арналған.