Басты бетЖаңалықтарЕлімізде пойыз...

Елімізде пойыз билетінің орташа бағасы қанша?

Биыл Алматы-Қонаев және Қарағанды-Жезқазған арасында екі облысаралық теміржол бағыты ашылады. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Жолаушыларды тасымалдау бойынша қазір 66 облысаралық маршрут жұмыс істеп жатыр. Бұл бағыттарда 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Облыстардың бөлінуіне байланысты, биыл қала маңындағы бағдардан екі жаңа облысаралық бағыт құрылды (Алматы–Қонаев және Қарағанды–Жезқазған), — деді Марат Қарабаев бүгінгі үкімет отырысында.

Жалпы жолаушыларды тасымалдау республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұл шаралар халықтың барлық топтары үшін жол жүру құжаттарының қолжетімді бағасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда, поезд билеті бағасының орташа құны 8 мың теңге. Жолаушылар вагонының паркінде 2 567 вагон бар. Тасымалдауға сұраныс жоғары кезде 300 вагон тапшылығы байқалады. Биыл жолаушылар тасымалы үшін 162 жаңа вагон алынады. Негізгі өндіруші – Петропавлда орналасқан отандық вагон шығару зауыты, — дейді көлік министрі.