Басты бетЖаңалықтарҰҚК Қырғызстанмен...

ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағындағы «Ақ-тілек» (Қырғыз Республикасы) – «Қарасу» (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі барын мәлімдеді.

Бұған негізгі себеп – жеміс-көкөніс өнімдерін кіргізумен байланысты маусымдық жүк ағынының және жалпы Қазақстан арқылы жүк транзитінің артуы. «Қарасу» өткізу пунктінің кіруге тәуіліктік өткізу мүмкіндігі 300 көлік болды (биылғы 19 қарашада 283 автомашина өткізілді), — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметімен өзара тығыз әрекеттестік ұйымдастырылды.

Еске салайық, қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы «Ақтілек-автодорожный» өткізу пунктінде жүк көліктері тағы да кептеліп қалды.