Қазақ-қырғыз шекарасында тағы да 500 жүк көлігі жиналып қалды

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы «Ақтілек-автодорожный» өткізу пунктінде жүк көліктері тағы да кептеліп қалды. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

20 қараша 11.00-дегі жағдай бойынша, «Ақтілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункті алдында шекара тексерісінен өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұр.

Өткен тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 автокөлік кірген.

Өткізу пунктінде жүк көліктерінің жиналып қалуы – маусымдық жағдай. Оған Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп болады. Сонымен қатар жануарлар мінген және тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктері өткізу пукнтінен кезексіз өтіп жатыр. Қазақстан мен Қырғызстаның шекара қызметі тарапынан жүк көліктеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, — делінген хабарламада.