Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460–465 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460-465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 463,1-465,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462,56 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,24 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,13-5,33 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылып жатыр.
