Орман өртін сөндіретін станция қызметкерлерінің мәртебесі көтеріледі

Орман өрт сөндіру станциясы қызметкерлерінің мәртебесі мемлекеттік орман күзетiнiң жұмыскерлерімен теңестiрiледi.

«Ашық» НҚА порталында жарияланған жаңа бұйырық негізінде енді мына санаттағы жұмыскерлер мемлекеттік орман күзетiнiң қызметкерлерiне теңестiрiледi:

  • орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының жүйесiне енетiн, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсiру мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерi;
  • мемлекеттік орман иеленушілерінің орман өрт сөндіру станцияларының өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері.

Түзету табиғат қорғау мекемелері өртке қарсы қызметінің қызметкерлерін (орман өрт сөндіру станцияларының бастықтары, өрт сөндіру машиналарының жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру машиналарын, жабдықтар мен аппаратураларды жөндеу жөніндегі слесарлар, орман өрт сөндірушілері, өрт сөндіру-бақылау мұнарасының бақылаушылары) мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлеріне теңестіру және оларды жағдайларын және еңбекақы мөлшерін жақсарту үшін штаттан тыс жұмысшылар санатынан шығарып, штатқа алу. Бұл шара аталған қызметкерлердің табиғат қорғау мекемелерінің штатына кірмейтіндігіне байланысты талап етіледі. Бұл ретте олар денсаулық пен өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты орман өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарға тұрақты негізде тартылады, — делінген экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрық жобасында.

Құжат 8 қыркүйекке дейін көпшілік талқысында болады.