Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 461–465 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461–465 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 462,9–465,7 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,19 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,05–5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,13-5,23 теңгеден сатылып жатыр.
