Қазақстан халқының саны 20 миллион болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.

Бұл туралы президент Twitter-парақшасында мәлімдеді.

Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, — деп жазды президент Twitter-де.