Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының кеңесшісі — баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мемлекет басшысы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеуге қатыспайды, — деді Берік Уәли.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында қайтыс болғаны хабарланған еді.