Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Журналист Жанболат Мамайдың қамаудағы мерзімі 10 мамырға дейін ұзартылды

©azattyq.org

Жанболат Мамайдың бостандыққа шығарылуына шамамен 30 адам кепілхат берген, бірақ сот оларды қабылдамады, өйткені прокурор «кепілхат берушілерді танымайтынын» мәлімдеген. Бұл туралы «Әділ сөз» баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы хабарлады.

Мамай адвокатының тергеушінің процессуальдық заң бұзушылықтары туралы арызын да сот қайтарып берді.

Айта кетейік, Жанболат Мамай 10 ақпанда қамауға алынды. Оған оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен бірге ақша заңдастырумен айналысқан деген айып тағылды. Екеуі де тағылған айыптарды жоққа шығарып, істің саяси астары барын мәлімдеді.

Бірқатар халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Қазақстан үкіметінен журналист Мамайды босатуын сұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *