Елімізде 4-6 қарашада ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің басында Қазақстан аумағы арқылы терең Атлантикалық циклон өтеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Алайда 4 қарашада жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның төмендеуі күтіледі.

Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяздан 8 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде температура 2 градусқа дейін төмендейді, таулы аймақтарда 5-10 аяз, күндіз 5-15 градус аяз болады. Қазақстанда түнде және таңертең тұман күтіледі, — делінген хабарламада.