2023 жылғы 6 қарашада Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.
Бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылды. Енді ол тұрғылықты жері бойынша жазасын өтейді.
Мекеме әкімшілігі сотталғанға тіркеу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсетіп, жазасын өтеу орнына кетуге ұйғарым береді, сонымен қатар оны сипаттайтын материалдарды пробация қызметіне жібереді.