Қазақстанда бір күнге радио мен теледидар өшеді

Қазақстанда жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке радио мен теледидар өшеді. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлады.

«Қазтелерадио» хабар таратудың тоқтатылатынын ескертті. Алдын алу жұмыстарын жүргізуге байланысты 8 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын тарату өшіріледі.

Телерадио хабарларын үздіксіз және сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайын жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіледі, — делінген хабарламада.