Доллар 467–472 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 467–472 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467–472 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 469,5-472,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 470,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,05 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5-5,15 теңгеден сатылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да