Соколов-Сарыбай кен орнында жұмысшы қаза болды

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінде жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Алау басылымы хабарлады.

Оқиға «ССКБӨБ» АҚ аумағында болған. Бұл мәліметті кәсіпорынның баспасөз қызметі растады.

Мессенджерлерде жұмысшы бұрғымен жұмыс істеп жатқанда электр тоғы соғып қаза болғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі аумағында темірбетон еденді бөлшектеу жұмыстары кезінде оқыс оқиға болып, мердігер жұмысшысы қаза болды. «ССКБӨБ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.