Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келді

Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қысқаша әңгіме барысында үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске салайық, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.