«АрселорМиттал» активтері Қазақстанға толық қайтарыла ма?

«АрселорМиттал» компаниясымен келісім үзілгеннен кейін елімізге қандай активтер қайтарылатыны айтылды.

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа «АрселорМиттал» компаниясымен келісім үзілгеннен кейін Қазақстанға қандай активтер өтеді?» деген сауал қойды.

Қазақстанда «АрселорМиттал» компаниясы активтерінің барлығын қалдыру мәселесі туралы сөз қозғалып жатыр. Бұл болат, көмір және кен департаменттері. Сонымен қатар әлеуетті транзакцияның периметріне еңбек өндіретін Ақтаудағы құбыр зауыты біздің еншімізде қалады. Демек, біз Қазақстандағы «АрселорМиттал» компаниясының толық активтері туралы айтып отырмыз, — деп жауап берді министр.