Air Astana қысқы кестеге ауысты

Air Astana қысқы маусымға көшті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. 

Қысқы кезеңде әуе тасымалдаушы Алматы-Мальдив бағыты бойынша аптасына бес тұрақты рейсті, ал Алматы-Шри-Ланка бағыты бойынша аптасына төрт чартерлік рейсті орындайды.

Алматыдан Бангкокқа рейстер аптасына үштен жетіге дейін, ал Алматыдан Пхукетке рейстер аптасына төрттен 11-ге дейін артады.

Алматыдан Дубайға рейстер аптасына жетіден 12-ге дейін, ал Астанадан аптасына алтыдан онға дейін артады.

Алматы-Дели бағытында рейстер саны аптасына 11-ге дейін, ал Алматы-Жидда бағытында — аптасына үшке дейін артады.

Бұдан басқа, әуекомпания Алматы мен Астанадан Дохаға (Катарға) аптасына бір чартерлік рейсті орындауды жоспарлап отыр.