Алматыда 1 қарашада үй жануарларын тегін чиптеу басталады

Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 1 қараша мен 20 желтоқсан аралығында үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы басталатынын мәлімдеді.

Бағдарлама аясында 15 мың үй жануарын (ит пен мысықтарды) чиптеу және тіркеу көзделген.

ҚР 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңу, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидасын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық үй мысықтары мен иттері белгіленген (болюспен, чиппен, білезікпен немесе мойын жағасымен, электрон белгісімен, құлақ сырғасы немесе басылған таңбамен) және TANBA үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген болуға тиіс, — делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары үшін «TANBA» есепке алудың бірыңғай базасында тегін чиптеу және тіркеу рәсімі келесі ветеринариялық емханаларда жүргізіледі:

1.«ALLVET» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Төле би көшесі, 279 Б, тел: 8 (747) 438-38-87;

2.«Мастино» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217, тел: 8 (707) 327-44-88;

3.«Барыс» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223 «Б», тел: 8 (707) 123-49-00;

4.«Ветстанция» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Сейфуллин даңғылы, 49, тел: 8 (701) 757-77-27;

5.«MedVet» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Луганский көшесі, 54/1В, тел: 8 (708)699-19-43;

6.«DOG PREMIUM» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Грибоедов көшесі, №105, тел: 8 (707) 339-33-28;

7.«Хвостики» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Жандосов көшесі, 54, тел: 8 (708) 983-43-13;

8. «Айболит» ветеринариялық емханасы, мекенжайы: Абай даңғылы, 26, тел: 8 (708) 972-02-07.

Рәсімнен өту үшін, жануар иесі жоғарыда аталған мекенжайлардың біріне жануарымен бірге барып, өтініш жасауы қажет. Жануар иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, мобайл телефоны және бар болған жағдайда, жануардың ветеринариялық паспорты (болмаған жағдайда, жануар иесінің есебінен ветеринариялық емханада ресімделеді) болға тиіс.

Ветеринариялық мамандар жануарға микрочип орнатады, жануардың және оның иесінің деректерін TANBA үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасына енгізеді, сонан соң жануар иесінің мобайл нөміріне Kezekte.kz алты белгілік растау коды бар 1414 (e-gov) нөмірінен СМС хабарлама келеді, оны жануардың жеке басын растау үшін, 30 секунд ішінде ветеринария маманына хабарлау керек.

Басқа да сұрақтар бойынша көрсетілген қызмет орнындағы ветеринария маманынан кеңес алуға болады. Сонымен қатар аталған қызметті ұсына отырып, үй-үйді аралап тексеру жұмысы көзделген, өтініш беру үшін байланыс деректері төмендегідей:

1. Алатау ауданы – 8 (707) 123-49-00;

2. Алмалы ауданы – 8 (707) 123-49-00;

3. Әуезов ауданы – 8 (747) 438-38-87;

4. Бостандық ауданы – 8 (707) 123-49-00;

5. Жетісу ауданы – 8 (707) 123-49-00;

6. Медеу ауданы – 8 (707) 123-49-00;

7. Наурызбай ауданы – 8 (747) 438-38-87;

8. Түрксіб ауданы – 8 (747) 438-38-87.