Елімізде пойыз билеттері қымбаттай ма?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстанда пойыз билеттері бағасының өсуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол тарифі биыл бір рет — 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ке өсті. Тарифтің өзгеруі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен (қазіргі көлік министрлігі) және бағаның шекті деңгейінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып келісілді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар баспасөз қызметі Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүретін пойыздардан басқа, 2014 жылдан бастап жылдамдық деңгейі жоғары экспресс-тасымалдау қызметтерін көрсететін жолаушылар мен коммерциялық пойыздарды тасымалдайтынын еске салды.

Коммерциялық пойыздарда жол жүру құны билеттерді сатып алу мерзіміне, тасымалдау сұранысына байланысты белгіленеді, — делінген хабарламада.