Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына тағы алтын түсті

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

Жеңіл атлетикадан сынға түскен жерлесеміз ядро лақтыру сайысында үздік нәтиже көрсетті. Дастан Мұқашбеков снарядты 15,74 метрге лақтырды. Ал қазақтандық Иван Зелезняк 12,39 метр нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Екінші орынды БАӘ спортшысы иеленді.