Шығыс Қазақстанда жүк пойызы рельстен шығып кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма-Заводинка» теміржолында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы ШҚО әкімдігі хабарлады.

Оқиға 26 қазан күні таңертең болған. «Бұқтырма-Заводинка» теміржолының учаскесінде келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Бірақ аударылмады.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Пойызда кен және көмір тиелген. Қазіргі уақытта әкімдік жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу сол жерге жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінде кесте бойынша бұл бағытта жүретін жолаушылар пойыздары жоқ.