Басты бетЖаңалықтарBrent мұнайының...

Brent мұнайының бағасы 28 доллардан төмендеді

18 қаңтардағы Лондон биржасында Brent маркалы мұнайдың баррелінің құны 28 доллардан төмен болды. Сауда-саттықтың нәтижесі осыны көрсетті.

Сағат 05.25-те Brent баррелі 27,72 долларға бағаланды. Алайда 7.30-да мұнайдың осы маркасының бағасы барреліне 28,39 долларға қайта көтерілді, деп жазады ресейлік gazeta.ru.

Bloomberg мәлімдеуінше, мұнайдың бағасының арзандауына Ираннан санкциялардың алынуы, сондай-ақ нарықта мұнай қорының шамадан тыс артып кетуіне алаңдау себепші болған. Гонконгтегі Nomura Holdings Inc компаниясының сарапшысы Гордон Кван таяу арада баға барреліне $25 түсуі мүмкін деп санайды.

Дереккөзinform.kz