Қытайда өтіп жатқан пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі қола бір күміс түсті. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол пара каноэда 200 метрге бақ сынап, қола медальді еншіледі.
Сонымен қатар Бибарыс Спатай пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.
Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 58.479 секунд.
Айта кетейік, 22-28 қазан аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4 000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131 спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.