«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

“ҚазАвтоЖол” ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жүргізушілерге үндеу жасады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Осыған орай көлік жүргізушілерін ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруға шақырамыз. Қалыптасқан ауа райы жағдайын ескере отырып қашықтықты сақтап, жылдамдық режимін асырмау маңызды. Сырғанауды болдырмау үшін кенеттен маневр жасамаңыз. Жол белгілерін ескеріңіз, — делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, республикалық маңызы бар күре жолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары басталды. Күре жолдардағы ахуалды 1403 байланыс орталығы арқылы немесе https://t.me/qazavtojol сілтемесі арқылы білуге болады.

Қазіргі уақытта республикалық күре жолдар ашық. Көлік қозғалысына енгізілген шектеу алынды.