Мемлекет басшысы бірқатар елге жаңа елшілерді тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері ауысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.