Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.