Яндексте сурет пен видеоны генерациялауға арналған YandexART нейрожелісі пайда болды.

YandexART нейрожелісі қазақтың мәдени кодын түсінуді үйренді. Енді нейрожелі тәңірге табынуды, тұсаукесер дәстүрін, асық ойынын, ақын Абай Құнанбайұлын, ұлттық тағамдарды, еліміздің музыкалық аспаптарын және тағы басқасын біледі. Шедеврумда суретіңіз бен видеоны генерациялауға және басқа да қазақстандықтардың шығармашылығын көруге болады.

Фото: YandexART

Шедеврум дегеніміз — Yandex мобайл қолданбасы. Онда қолданушылар нейрон желісі арқылы суреттер мен анимациялар жасай алады. Қолданушы өзі келетін нәрсені мәтінмен сипаттап жазу қажет. Бір минуттан кейін бағдарлама белгілі бір тақырып бойынша төрт генерацияны таңдауды ұсынады. Шедеврумды қолданатындар өз профилінде жұмысын жариялай алады, бір-біріне жазыла алады, лайк басып, пікір таластыруға да мүмкіндік бар.

Шедеврумге негізделген нейрон желісі бойынша оқыту үшін әзірлеушілер мәтін сипаттамасы бар 330 миллион суретті қолданды. Мәтінді танудың арнайы алгоритмі нейрон желісіне қолданушылардың тілегін дәл түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар ол адамның жүзін, көзін және қолын қалай анықтау керек екенін біледі. Бұл оған шындыққа жанасатын фотопортреттер жасауға мүмкіндік береді.

Фото: YandexART

Қазақстанда Шедевруммен қоса Яндекс Бизнесте YandexART ұсынылған. Сервисті қолданатындар өзінің жарнама хабарландыруын нейрон желісі жасаған фотолармен суреттей алады. Нейростокта 650 қызмет түріне арналған мыңдаған сурет бар. Алдағы уақытта «Яндекс Қазақстан» нейрожеліні компанияның басқа өнімдері мен сервистеріне қосуды жоспарлап жатыр.

YandexART қазақстандық мәдени код бойынша оқыту компанияның жергілікті мәдениет пен өнерді дамытуға арналған алғашқы жобасы емес. Жуырда 1930-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақ киносының тарихы» видеоэссесінің премьерасы өтті. Бұған дейін қазақстандық ғаламтор желісін қолданатындар «Яндекс Браузерде» және «Яндекс с Алисой» қолданбасында  роликтерді орыс және ағылшын тілдерінен қазақ тіліне автоматты түрде аудару мүмкіндігіне ие болған.

Фото: YandexART