Республика күні қазақстандықтар қанша күн демалады?

Келесі аптада Қазақстанда ұлттық мереке — Республика күні атап өтіледі.

Биыл Республика күні сәрсенбі, 25 қазанға сәйкес келеді. Бұл күн демалыс болады. Бұл ретте жұмыс күні демалыс күндеріне ауыстырылмайды.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар бір күн (25 қазан) демалады, кейін екі жұмыс күні (26, 27 қазан), содан кейін демалыс (28, 29 қазан) болады.

Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 25 және 29 қазан болады.