Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ке жетті

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырзамен кездесті. 

Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті, — делінген хабарламада.

Осылайша, ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ке дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13%-ке жоғары.

Сонымен қатар Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды. Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімдігін қамтамасыз ету, сонымен қатар әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтты.