Есік қаласының әкімі пара алғанын мойындады

Алматы облысы Есік қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Есік қаласы тұрғындарының жергілікті атқарушы орган жұмысына шағымы тексерілген.

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Алматы облысы Есік қаласының әкімі әшкереленді. Ол қаланың ойын алаңын абаттандыруға мемлекеттік сатып алу шарты бойынша бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін жеке компания өкілінен ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді, — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіктің экс-әкімі өз кінәсін толық мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.