Дмитрий Малахов Антикордан қаржы мониторингі агенттігіне ауысты

Мемлекет басшысының өкімімен Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасының қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Малахов Дмитрий Михайлович 1974 жылғы 27 тамызда Көкшетау қаласында туған.

ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебін (1995 ж.), Т. Рысқұлов атындағы қазақ мемлекеттік экономикалық университетін (2005 ж.) бітірген.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жоғары үлесі үшін мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, сонымен қатар мерекелік және ведомстволық наградалармен наградталды.

  • Еңбек өтілі: ішкі істер, қаржы полциясы органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және экономикалық тергеу қызметінде;
  • ішкі істер министрлігінің өңірлік департаменті және орталық аппараты басшысының орынбасары, қаржы полициясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары (07.2004-03.2019);
  • қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020); сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);
  • 2022 жылғы наурыздан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары болды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.