Алматыда бюджеттің 7,3 миллиард теңгесі үнемделді

Бұл туралы қоғамдық кеңесінің бірінші көшпелі отырысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Отырыс барысында Алматының қоғам өкілдерін агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Бүгінгі таңда жұртшылықпен жұмыс барысында қоғамдық кеңестің қатысуымен сыбайлас жемқорлық қатері картасының әрбір саласы бойынша жұмыс топтары құрылып, қазірде жекелеген салаларда оң нәтижелер бар.

Мәселен, жер қатынастары саласында 1,2 миллиард теңге сомасына 16 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Башимов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қоғаммен сындарлы әріптестігінің маңызын айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажет. Бұл тәжірибенің артықшылығы — өзара ақпарат алмасу, нақты шешімдерді бірлесіп талқылау және әзірлеу, бағдарламаларды кешенді әзірлеу және нормативтік актілерге қоғамдық сараптама жүргізу. Жұртшылықпен үйлесімді жұмыс экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жедел қарауды және сапалы шешуді қамтамасыз етеді, — деді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов.

Қазіргі уақытта картаға алты сала кірді: Құрылыс және тұрғын үй, экономика және қаржы, экология, жер, фискалдық және әлеуметтік салалар.

Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мәліметінше, биыл департамент жұмысының негізгі бағыты экология саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге бағытталады.