Басты бет / Жаңалықтар /
Астана Моторс хендэ хюндай көлік зауыт
Фото: Астана Моторс

Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?

Алматыда Hyundai брендінің автокөліктерін шығаратын зауыт бар. Оның маңынан Қытайдың үш үздік брендінің автомобилін — Cherry, Changan, Haval көліктерін өндіретін зауыт пен көлік бөліктерін шығаратын кәсіпорын кешені салынып жатыр. Baribar.kz тілшісі Huyndai Trans Kazakhstan-ға және жаңа зауыттардың құрылыс алаңдарына барып, олардың жұмысымен танысып қайтты.

Нuyndai Trans Kazakhstan зауыты

Әуелі, 34 мың шаршы метр және 18,35 гектар жерді алып жатқан Нuyndai Trans Kazakhstan зауытына бардық. Бұл кәсіпорын 2020 жылы ашылған. Оны салуға «Астана Моторс» компаниясы ат салысқан. Онда жұмыс қызу жүріп жатыр. Зауыттың іші мұнтаздай. Мұнда 1200-ден астам қызметкер істейді. Біз барған күні де олар барлық қорғаныс киімін киіп, тап-тұйнақтай болып, көлік жасап жатты. Бірі дәнекерлеп жатыр, бірі бояп жатыр. Енді бірі бөліктерін құрастырса, тағы басқалары дайын көліктерді тексеріп жатыр.

9d06f470c89255d7909c3a85b0d06772 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
36385ee0d10f4b35623dba57cb79e8cf Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Кәсіпорында Hyundai көліктерінің 10 моделі шығарылады. Олар — Tucson, Accent, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, i20, Bayon. Зауытта көліктер дәнекерленеді, боялады және құрастырылады. Осылай, өндірістің толық циклінен өтіп, дап-дайын көлік болып шыға келеді.

ea9d3c960097bf73578e3a55735f6268 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Әуелі, елге Оңтүстік Кореядан, Қытайдан, Үндістаннан және тағы басқа елдерден қажет жинақтар, бөліктер әкелінеді. Зауытта оларды сақтауға арналған қойма бар. Мамандар бірінші шанақтарды дәнекерлейді. Бір шанақты дәнекерлеудің өзіне 300-ден астам технология операциясы қажет. Мамандар ауыр темір-терсекті көтеріп жүрмейді. Арнайы құрылғылар арқылы ары-бері тасымалдап, көтеріп-түсіріп, ісін атқара береді.  Технологияның арқасында жұмыс процесі жеңіл әрі жылдам жүреді. Осылай, көліктің қаңқасы жасалады.

399cf7562bfadc2ae7c9b8b16090c748 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
8da8fa0fcc7db06692acc2a9b4e714a2 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
411da2f2598f117b71f93c600fbe0513 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Дәнекерленген көліктің саңылауларын тексереді. Кейін көлікті бояйды. Адам бұл цехқа бармас бұрын, шаң-тозаңнан тазалайтын камераға кіріп, үсті-басын тазартады. Дәнекерленген көлікті арнайы үлкен хауызда жуып-тазалап алады. Кәсіпорында 14 катафорез хауызы бар.

19c55124973e27b0eb771cdce85c5860 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Жуып-шайылған көлік катафорез процесінен өтеді. Бұл көлікті бұзылып қалудан қорғайды. Көлік кептіріледі, сосын барып қана боялады. Huyndai жеңіл автокөліктерінің бірнеше түсі бар. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, қазақстандықтар көбіне ақ түсін таңдайды екен.

f7ce058fb249ece2c276fd807ac3e623 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Зауыттың тағы бір аумағына жол тарттық. Мұнда екі цех бар. Бірінде көліктің бөліктері құрастырылады, енді бірінде олар боялады. Бұл жерлерде көзге көрінбейтін, бірақ қолды көп ұстайтын әрі қиын жұмыс жетерлік: бамперді құрастырады, оны көлікке орнатады. Оған қоса автокөлікке рульді, орындықтарын, әйнегін, есік жақтауларына резеңкелерді, жарығын орнатады. Былайша айтқанда, қалған ұсақ-түйек шаруаның бәрі осында істеледі.

dfdbbf262526b86d15fd727d09befe9a Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Бұған қоса біз атамаған, байқамаған көп жұмыс бар екенін ескерген жөн. Соңында дайын көлік бірнеше мәрте тексеріледі. Зауыттағы барлық операция қатаң түрде Hyundai Motor Company бекіткен технология үдерісі және стандарты бойынша жүргізіледі. Сақадай сай көлік қана дилерлерге жөнелтіледі.

315d1b7fff77b11ddb9f5fe4b228032d Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
a547f642b9fcb2899d11c4d8adadfb6d Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Қызметкерлердің айтуынша, күнделікті жұмыс процесі осылай өтеді. Зауыт жылына 50 000 көлік өндіреді.  2022 жылы Hyundai «Астана Моторс» құрамындағы ең көп көлік сатқан бренд атанды. Бүгінде Hyundai Auto Kazakhstan компаниясының Қазақстан бойынша 23 автоорталығы бар: Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Тараз, Екібастұз.

Hyundai Trans Kazakhstan жобасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қазақстанның Даму банкінің, Өнеркәсіпті дамыту қорының, сыртқы істер министрлігінің, KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Cherry, Haval, Changan көліктерін өндіретін мультибренд зауыт

Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шыққан соң Cherry, Haval, Changan — қытайлық үш брендтің тоғыз моделін шығаратын жаңа мультибренд зауыттың құрылысын көріп қайттық. Бұл кәсіпорын 2024 жылғы желтоқсанда ашылады деп жоспарланып отыр. Зауыт 30,9 гектар жерді алады.

Мультибренд зауытта әр бренд үшін бір цехтан – үш дәнекерлеу цехы, сонымен қатар әр бренд үшін бір желіден – үш құрастыру желісі іске қосылады, бұл көбірек жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бояу цехы толығымен автоматтандырылған және барлық бренд үшін бірыңғай болады. Мұнда жылына 90 000 автокөлік өндіріледі. 

Оған қоса мұнда 2600 адам істейді. Зауыт көліктің 40%-ін елде сатса, қалған 60%-ін ТМД елдеріне экспорттайды. Бұл ел тұрғындарына көлікті тиімді бағада алуға және экономиканы көтеруге септігін тигізеді. 

bdcfaab6449722d5862237b2b4d7e5a4 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
071aaa5a79b8f2790bb8761c4fe0ec1b Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Зауыттың алып жатқан аумағы аз болғандықтан, оның және қызметкерлердің көліктеріне арналған тұрақты екі қабат етіп жасамақшымыз. Мұндай құрылыс көп жерде жоқ және ол қомақты қаржыны талап етеді. Дегенмен біздің мақсатымыз — ұсақ түйінді әдіс арқылы дәнекерлейтін әрі бояйтын өндіріс орнын ашу, ондағы қызметкерлердің жағдайын жасау, — дейді «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаған Нұрлан Смағұлов.

38d9c601041aa5fefb1b301a51d950aa Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Нұрлан Смағұлов. Фото: Астана Моторс

Автобөліктер өндіретін зауыт

Бұдан кейін тағы бір құрылыс аумағына бардық. Мұнда автокомпоненттер шығаратын үш кәсіпорын салынып жатыр. Жоспар бойынша, болашақта онда көлік орындығы, бампері, мультимедия жүйесі, кілемшелер, шашыратқыштар сияқты бөліктер өндіреледі.

Өндіріс орнының ауданы — 8,2 мың шаршы метр. Кәсіпорындар 2024 жылдың соңында іске қосылады деп жоспарланған. Оған 5,5 миллиард теңге жұмсалып отыр. Автокомпоненттерді өндіретін үш кәсіпорында 90-нан астам маман жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

e6ae194b645e55de9865b5836b2c13d1 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
be3381ca4ab7987f24b939de4a128563 1 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс
17478f47f8723662f740a7da58c62b85 Зауыттан репортаж. Алматыда Hyundai көліктері қалай жасалады?
Фото: Астана Моторс

Алматының Индустриялық аймағында автокомпоненттер өндіретін кәсіпорындар кешенін құру жөніндегі жоба стратегиялық маңызға ие. Себебі отандық автоөнеркәсіпті одан әрі дамытуға және орналастыруды нығайтуға ғана емес, шағын және орта бизнесті дамытуға, машина жасау саласында білікті кадрлар жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram