Алматыда тұрғындарды газбен қамтуға күзгі, қысқы маусымға дайындық жұмыстары 100% аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Талғат Бұрамбаев айтты.
2023-2024 жылдары күзгі, қысқы маусымнан қысылмай өтіп, тұтынушыларды сапалы газбен қамту ету үшін 10 жөндеу, 7 апаттық бригада жұмылдырылды. Жөндеу бригадалары қажетті материалдармен, құрылғы, құрал-жабдық, арнайы киіммен және техникамен толық жабдықталды, — деді Талғат Бұрамбаев.
Оның айтуынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бүгінгі таңда 5 мыңнан астам шақырым газ құбырын пайдаланады.
