ЭКСПО-ға шақырылған Рианнаның гонорары — 2 млн $

2013 жылы Eurostar концерттік агенттігінің директоры Алексей Пучков Forbes.kz сайтына берген сұхбатында диапазоны кең шетелдік әншілердің гонорары туралы мәлімдеген. Олардың арасында ЭКСПО көрмесі аясында концерті өткізілмек Рианнаның да гонорары көрсетілген. Пучковтың айтуынша, поп-әншінің еңбекақсы — 2 млн $.

Ал Colorface сайтының ақпараты бойынша,  Рианнаның 1 минуттық өнерінің құны 13, 2 мың долларды құрайды.

Осы көрсеткіш бойынша, мега-шоу шығынын өтеу үшін 30 000 мың көрерменге лайықталған «Астана Арена» стадионындағы концерт билеттерінің құны шамамен 100 долларды құрауы тиіс.

Айта кетейік, Рианна – барбадос R&B әншісі. Оның әндері әлемге кең танылған. Көптеген сыйлықтардың иегері, оның ішінде: төрт Грэмми және төрт American Music Awards сыйлығы бар. Негізгі күйтабақтары: «Music of the Sun» (2005), «A Girl like Me» (2006), «Good Girl Gone Bad» (2007), «Rated R» (2009), «Loud» (2010), «Talk That Talk» (2011), «Unapologetic» (2012), «ANTI»(2016).