Алдағы уақытта Алматыда электроавтобустар жүреді

Әзірге автобустар трамвай депосында қуат алады. Алайда қалада электркөлікті толықтай енгізу үшін қай орындарда инфрақұрылым салу керек екенін шешу қажет.

«Автобус таңда желіге шығуы үшін қуат алуы керек, яғни белгілі бір қуат керек. Менің білуімше, электравтобустардың қуаты 70 шақырымға жетеді. Сәйкесінше, ол әр айналымда қуат алып отыруы керек. Сондықтан соңғы аялдамаларда қуат көзі болуы тиіс. Қазір біз қуат көзін қайда орнатуға болатынын іздестіріп жатырмыз, сондықтан автобустардың нақты бағыты әлі анықталмады», — деді Ризван Цинаев.

Оның айтуы бойынша, әлемде Қытайды есептемегенде, электравтобустарын ешкім де жаппай қолданбайды. Тіпті Еуропада сынақ ретінде жүреді екен. Сол себепті Қазақстан да сынақ тәртібінде енгізеді.

Айта кетейік, 2016 жылдың соңында Алматыда электр көзімен жүретін автобустарды құрастыратын қазақстандық-қытайлық біріккен кәсіпорын іске қосылды. Өндіріс кешені ұзындығы 8,5 және сыйымдылығы 58 адам болатын, ұзындығы 12 метр және сыйымдылығы 90 адам болатын автобустарды шығара алады.

ДереккөзTengrinews.kz