Астанада автобус жүргізушілеріне телефон ұстау тыйым салынады

«Осы жылғы 1 сәуірден бастап автобус парктерінің әкімшілігі рейс алды тексеру уақытында жүргізушілердің ұялы телефондарын қоюға арнайы ұяшықтар ұйымдастыруды ұсынды», — делінген қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Көліктік бақылау қызметіне бақылау-желілік қызметпен бірлесіп желідегі жүргізушілердің автобус салонында телефон қолдануы, темекі шегуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қағидасын сақтауына  мониторинг жүргізуді тапсырды.

574-777 нөмірі көрсетілген ақпарат қала автобустарының салонына орналастырылған.

ДереккөзInform.kz