Қазақстан Азия ойындарында тағы екі күміс медаль жеңіп алды

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері Ханчжоудағы Азия ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды.

Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады.

500 метр қашыққа каноэде жұптық есуден командалық сайыста Руфина Искакова мен Мария Бровковая қазақстандық дуэті қытайлықтардан ғана ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. Тайланд елінің есушілері «қола» жүлде алды.

Дәл осындай қашықтағы қос байдарка жарысында Ольга Шмелева мен Ирина Подойникова да Қытайдан кейін екінші орын алса, Өзбекстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Осылайша, қазір Қазақстан қоржынында Азия ойындарының 35 медалі бар: үш алтын, жеті күміс және 25 қола.

Қазақстан Азия ойындарында 33 медаль жеңіп алды.