30 қыркүйекте Қарағанды облысында оқу-жаттығу кезіндегі ұшақ апатынан ұшақ командирі мен әскери институттың курсанты қаза болды. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Ұшқышта 28.11.2019 жылы берілген №000012 жарамды CPL (A) №000012 куәлігі болды. Жалпы ұшқан уақыты 1097 сағат. Ұшқыш нұсқаушының арнайы белгісін «Қазақстандық шағын авиация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (КАМА) енгізген. 01.07.2025 жылға дейін жарамды,- делінген хабарламада.
Қазақстан көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду апатқа байланысты операциялық орталықтың шұғыл кеңесін өткізді.
Ол жерде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің апаттық жоспарын іске қосты. Оған қоса ұшу қауіпсіздігі мәселелерін талқылап, тергеуге құжаттарды дайындады.
«Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген АОО сертификаты негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Бұл операция 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізілген болатын.
Апатқа ұшыраған UP-LA286 ұшағының ұшу жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілген, ал оны 2011 жылғя 29-ы шілдеде шығарды.
Оған қоса Қазақстанда азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелді. АОО паркі 15 11 ұшақ және 4 тікұшақ әуе кемелерінен тұрады.